Отбасы және балалар саласында мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларын бекіту

туралы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 24 сәуірдегі No
158 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2020 жылғы 24
сәуірде No 20478 болып тіркелді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы бұйрықтың қолданыста енгізілу тәртібін . қараңыз5 т
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан
Республикасы Заңының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:10-бабының
1. Мыналар:
1) осы бұйрыққа сәйкес "Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде1-қосымшаға
анықтамалар беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
2) осы бұйрыққа сәйкес "Кәмелетке толмағандардың мүлкіне иелік ету2-қосымшаға
үшін анықтамалар беру" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
3) осы бұйрыққа сәйкес "Жетім балаға (жетім балаларға) және3-қосымшаға
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе
қорғаншылық белгілеу" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
4) осы бұйрыққа сәйкес "Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға4-қосымшаға
жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (
балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы төлеуді тағайындау" мемлекеттік қызметті
көрсету қағидалары;
5) осы бұйрыққа сәйкес "Баланы (балаларды) патронаттық5-қосымшаға
тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды)
асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау" мемлекеттік қызметті көрсету
қағидалары;
6) осы бұйрыққа сәйкес "Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына6-қосымшаға
тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау"
мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
7) осы бұйрыққа сәйкес "Жетім баланы және (немесе) ата-анасының7-қосымшаға
қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді
тағайындау" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
8) осы бұйрыққа сәйкес "Балаға кері әсер етпейтін ата-ана8-қосымшаға
құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру" мемлекеттік
қызметті көрсету қағидалары;

 
 

9) осы бұйрыққа сәйкес "Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде9-қосымшаға
тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кейін үйлеріне тегін
тасымалдауды ұсыну" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
10) осы бұйрыққа сәйкес "Жалпы білім беретін мектептердегі білім10-қосымшаға
алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін және жеңілдікпен
тамақтандыруды ұсыну" мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
11) осы бұйрыққа сәйкес "Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі11-қосымшаға
білім алушылар мен тәрбиенушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және
мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру"
мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары;
12) осы бұйрыққа сәйкес "Он жасқа толған баланың пiкiрi ескеру12-қосымшаға
туралы қорғаншылық немесе қамқоршылық органының шешімін беру" мемлекеттік
қызметті көрсету қағидалары бекітілсін.
2. Осы бұйрыққа сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым13-қосымшаға
министрлігінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың
құқықтарын қорғау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркелуін;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің
интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік
тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында
көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан
Республикасының Білім және ғылым вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен
соң, 2020 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін "Жетім балаға (жетім
балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға)
қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартының 8-тармағының он екі, жиырма төртінші абзацын және 9-тармағының он
төртінші абзацын, "Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат
тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді
тағайындау" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағының сегізінші
абзацын және 9-тармағының он төртінші абзацын, "Баланы (балаларды) қабылдаушы
отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау

 
 

" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 8-тармағының тоғызыншы, он
сегізінші абзацын және 9-тармағының он төртінші абзацын қоспағанда, қолданысқа
енгізіледі.Қазақстан Республикасының
Білім және ғылым министрі
А. Аймагамбетов
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2020 жылғы 24 сәуірдегі
No 158 бұйрығына
1-қосымша
"Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру" мемлекеттік қызметті
көрсету қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы "Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру" мемлекеттік
қызметті көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін
қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан
әрі – Заң) 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және қорғаншыларға немесе10-бабының
қамқоршыларға қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру тәртібін
айқындайды.
2. Алып тасталды - ҚР Білім және ғылым министрінің 21.02.2022 No 55 (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
бұйрығымен.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
3. "Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтамалар беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) алу үшін жеке
тұлғалар (бұдан әрі көрсетілетін қызметті алушы) "электрондық үкіметтің"
веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы осы Қағидаларға сәйкес нысан1-қосымшаға
бойынша көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан
әрі – ЭЦҚ) қойылған немесе бір рет пайдаланатын құпия сөзбен куәландырылған,
көрсетілетін қызметті алушының ұялы байланыс операторы ұсынған абоненттік нөмірі
порталдың есеп жазбасына тіркелген және қосылған кезде өтініш береді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын, көрсетілетін қызметті берушінің
атауын, мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдерін, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін,

 
 

мемлекеттік қызмет көрсету нысанын, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін,
мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын
төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген
жағдайларда оны алу тәсілдерін, көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік
корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигін, мемлекеттік қызмет
көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен
мәліметтердің тізбесін, мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан
Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді қамтитын, мемлекеттік қызмет
көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі бар қосымшаны осы Қағидаларға 2-
сәйкес "Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру"қосымшаға
мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі –
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар) келтірілген.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Оқу-ағарту министрінің 03.10.2022 No 414 (
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі) бұйрығымен.
4. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметтерді, баланың туу туралы
куәлігін ("АХАЖ тіркеу пункті" ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда)
республикалық маңызы бар қалалардың және астананың білім басқармалары,
аудандардағы, облыстық маңызы бар қалалардағы білім бөлімдері (бұдан әрі –
көрсетілетін қызметті беруші) "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік
ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды порталында тіркелген
пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы ұсынылған құжат
иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық
құжаттар сервисінен бір реттік парольді беру арқылы немесе порталының
хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (
немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда, көрсетілетін
қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 21.02.2022
No 55 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң
қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" мемлекеттік көрсетілетін
қызметке сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе, сондай-ақ хабарлама
жіберіледі.
6. Қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі анықтама осы Қағидаларға 3-
сәйкес нысан бойынша беріледі не мемлекеттік қызметті көрсетуден басқосымшаға

7. "Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер
стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 13 сәуірдегі No 198 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 24 ақпандағы No 84 бұйрығы
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
тізілімінде No 14959 болып тіркелген, 2017 жылғы 12 сәуірде Қазақстан Республикасы
нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
8. "Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер
регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 5 маусымдағы No 361 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрдің міндетін атқарушының 2017 жылғы 12
мамырдағы No 216 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтықбұйрығы
актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде No 15222 болып тіркелген, 2017 жылғы 26
маусымда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық
бақылау банкінде жарияланған);
9. "Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер
стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 13 сәуірдегі No 198 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы"
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 15 маусымдағы No
285 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердібұйрығы
мемлекеттік тіркеу тізілімінде No 15425 болып тіркелген, 2017 жылғы 10 тамызда
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау
банкінде жарияланған);
10. "Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер
стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 13 сәуірдегі No 198 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы"
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 25 желтоқсандағы
No 650 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердібұйрығы
мемлекеттік тіркеу тізілімінде No 16271 болып тіркелген, 2018 жылғы 3 ақпанда
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау
банкінде жарияланған);
11. "Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер
стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 13 сәуірдегі No 198 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы"
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы
No 684 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілердібұйрығы
мемлекеттік тіркеу тізілімінде No 17954 болып тіркелген, 2018 жылғы 25 желтоқсанда

 
 

Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау
банкінде жарияланған);
12. "Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер
стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 13 сәуірдегі No 198 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 22 сәуірдегі No 159 бұйрығы
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
тізілімінде No 18574 болып тіркелген, 2019 жылғы 2 мамырда Қазақстан Республикасы
нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
13. "Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер
стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 13 сәуірдегі No 198 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 7 қазандағы No 435 бұйрығы
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу
тізілімінде No 19456 болып тіркелген, 2019 жылғы 14 қазанда Қазақстан Республикасы
нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған);
14. "Отбасы және балалар саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер
регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 5 маусымдағы No 361 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрінің 2019 жылғы 13 қарашадағы No 489
(Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттікбұйрығы
тіркеу тізілімінде No 19592 болып тіркелген, 2019 жылғы 20 қарашада Қазақстан
Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде
жарияланған).
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және
құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК

 
 

НАШИ  КОНТАКТЫ

150811, Республика Казахстан
район Магжана Жумабаева, село Надежка
улица Ново-Лесная, 1Б

+7 (71531) 5-40-63

Nadegka17@mail.ru

РАСПИСАНИЕ  ЗВОНКОВ

1 УРОК 8:00 - 8:45 14:00 - 14:45
2 УРОК 8:55 - 9:40 14:55 - 15:40
3 УРОК 10:00 - 10:45 16:00 - 16:45
4 УРОК 11:05 - 11:50 16:55 - 17:40
5 УРОК 11:05 - 11:50 16:55 - 17:40