Надежка орта мектебінің спорт залында Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекесі “Республика күніне” арналған воллейболдан мектеп мұғалімдері мен оқушылары арасында жарыс болып өтті. Жарысқа аралас мұғалімдер командасы, оқушылар (ер бала, қыз бала) командасы қатысты. Әр команда бір-бірімен бір-бірден ойыннан өткізіп, өзара бақ сынасты. Шараның мақсаты: Оқушылар мен мұғалімдер арасында “Республика күні” аясында патриоттық сезімді, отансүйгіштік қасиетті қалыптастыру және де жастарды салауатты өмір салтын ұстануға шақыру болды. Жарыс қорытындысы бойынша: мұғалімдер 1-орын, 2-орын ер балалар командасы және де 3-орын қыздар командасына бұйырды.